Оған еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен бір мың күйші қатысады деп күтілуде.
«Шара Құрманғазының 190 жылдық мерейтойына арналмақ. Күй атасының шығармаларын жинақталған оркестр орындайды. Қазіргі таңда Құрманғазы жерленген Астрахан облысында мерекелік шаралар өткізілуде», — дейді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Оның сөзіне сүйенсек, мерекелік шараға жиналатын қалың жұртшылық үшін тосын сый әзірленген.