Атырау қаласының Береке шағын ауданында тұратын нашақорлар ұсталды. Олардан психотропты есірткіге жататын трамадол дәрі-дәрмектері тәркіленді. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Атырау қаласының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындардың арызы бойынша үйделді тексеріп, Береке шағын ауданында орналасқан тұрғын үйделдің бірінен психотропты дәрі-дәрмек тұтынған 6 адамды анықтады.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 1991, 1992 ж, 1993, 1995, 1995 және 1998 жылы туған жастарды ұстаған. Олар сараптамаға жеткізіліп, іс-құжаттар жинақталды.
Бұған дейін Береке шағын ауданында Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері психотропты және өзге де дәрі-дермектерді сатумен айналысқан 32 жастағы азаматты ұстаған болатын.