Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарын және сыбайлас жемқорлыққа күдіктілерді қамауға алу санкциясын ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарын және сыбайлас жемқорлыққа күдіктілерді қамауға алу санкциясын ұзартты

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарын және сыбайлас жемқорлыққа күдіктілерді қамауға алу санкциясын ұзартты

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа күдіктілерді қамауға алу санкциясын 1 айға ұзартты.

  • 29 Қараша 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін соттың үкімімен қызметтік бабын асыра пайдалануда 2 айға қамауға алынған Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов, Атырау қаласының әкімі Асқар Керімов, облыстық қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Жантеміров тағы да бір ай бойы тергеу мекемесінде болады.

Құқық қорғау органдарында теріске шығарылмаған ақпаратқа қарағанда, миллиардтаған бюджет қаражатын жымқыруда айыпты бұрынғы шенеуніктер қазіргі уақытта Атырауда емес, тергеудің соңына дейін Астанаға әкетілген.

Естеріңізге сала кетейік, қаржы полициясының берген ақпаратына қарағанда, бүгінгі күні Атырау облысында 31 қылмыстық іс тексерілуде. Олар Атырау облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен және мердігерлік ұйымдарымен жасалған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалған. Мемлекетке келтірілген шығын 34 млрд.-тан астам теңгені құрады.

Бұл қылмыстарды жасауда күдікті 9 адам қамауға алынды, олардың 3-уі — үйқамақта, ал 11-іне халықаралық іздеу жарияланды.

Қаржы полиция органымен келтірілген шығынды өтеу бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні мемлекеттің меншігіне бұған дейін заңсыз жекелешендірілген 13 нысан қайтарылды. Олардың жалпы құны шамамен 21 млрд. теңгені құрайды.