Атырауда орталық сейсмикалық станцияны іске қосу жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда орталық сейсмикалық станцияны іске қосу жоспарланған

Атырауда орталық сейсмикалық станцияны іске қосу жоспарланған

Кеніштерде мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар өндіру жұмыстарының қызу жүргізілуі геологиялық ахуалды өзгерту салдарынан техногендік сипаттағы жер сілкінісі болу қаупі арта түсті. Осыған байланысты жер қыртысындағы құбылыстарды қадағалау мақсатымен Атырауда орталық сейсмикалық станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 11 Шiлде 2003
  • 770
Фото - Caravan.kz

Ғалымдардың пікірінше, мұнай кеніштерін қарқынды игеру «жер сілкінісін жасанды бағыттау» деп аталатын құбылысқа себепкер болуы мүмкін. Атыраудағы станцияны сейсмикалық орталықтардың дүниежүзілік біртұтас жүйесіне қосу межеленген.

2001-жылы Атырау облысы аумағын сейсмикалық аудандарға бөлуге арналған картаны жасауға 10 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл жұмысты ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмология институты атқарды. Сейсмологиялық карта бойынша Атырау қаласында 5, ал басқа аудандарда 6 баллдық жер сілкінісі болу мүмкіндігі айқындалды.
Сілкініс ошағы Небит-Даг қаласында тіркелген Түрікменстан аумағындағы соңғы 2,5 баллдық жер сілкінісі Атырау және Жылыой аудандарында сезілді.

Соңғы жаңалықтар