Атырауда полиция офицері кісі қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда полиция офицері кісі қолынан қаза тапты

Атырауда полиция офицері кісі қолынан қаза тапты

Атырауда полиция офицері кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрым Оразбаев хабарлады.

  • 21 Шiлде 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қылмыс 21-шілдеге қараған түні болған. Н.Оразбаевтың айтуынша, қалалық ішкі істер бөлімінде криминалист-сарапшы болып істеген полиция капитаны әйелімен бірге үйіне қайтып келе жатқан. Тәртіп сақшысы жай киім киген екен. Үйге кіре берісте беймәлім екі жігіт мас күйінде олардың жолын кесіп, ұрыс-керіске итермелеген. Оның соңы төбелеске ұласты.

Капитанның әйелі тәртіп сақшыларын шақыруға үйіне жүгіріп кетеді. Жараланған тәртіп сақшысы бесінші қабаттағы үйіне өз бетімен жетеді, бірақ, бірнеше минуттан кейін қайтыс болады.
Н.Оразбаевтың айтуынша, қазір тәртіп сақшысының өліміне қатысты іс тексерілу үстінде. Құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері әзірге кісі өлімі капитанның кәсіби қызметіне қатысы жоқ деп топшылауда. Өлімге қатысы бар деген күдікпен 26 және 27 жастағы екі Атырау тұрғыны ұсталды.
Қаза тапқан офицер осыдан үш жыл бұрын Алматыдан көшіп келген. Ол Алматыда ішкі істер органында істеген екен.

Перейти к новостям спорта