Атырауда қаланың жартысы түні бойы байланыссыз, ғаламтор мен кабельді телевидениесіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қаланың жартысы түні бойы байланыссыз, ғаламтор мен кабельді телевидениесіз қалды

Атырауда қаланың жартысы түні бойы байланыссыз, ғаламтор мен кабельді телевидениесіз қалды

Атырауда қаланың оң жағалауында байланысшылар түні бойы байланысты қалпына келтіруге тырысты.

  • 25 Қазан 2012
  • 295
Фото - Caravan.kz

«Қазақтелеком» телекоммуникациясының облыстық дирекциясы БАҚ-пен байланыс бөлімінің маманы Жанар Біләлованың сөзіне қарағанда, әзірге белгісіз себептерге байланысты сәрсенбі күні кешке қарай Жайық өзені көпірінің астымен өтетін байланыс желілері жанып кеткен. Соның салдарынан қаланың тең жартысы байланыссыз, ғаламтор мен кабельді теледидарсыз қалды.

Қазіргі уақытта байланыс жартылай қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Кабельдердің өртену себебі әзірге хабарланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар