Атырауда қарулы шабуыл арқылы 7,8 млн. теңгені жымқырып кеткен қылмыскерлер қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қарулы шабуыл арқылы 7,8 млн. теңгені жымқырып кеткен қылмыскерлер қолға түсті

Атырауда қарулы шабуыл арқылы 7,8 млн. теңгені жымқырып кеткен қылмыскерлер қолға түсті

АСТАНА. 1 қараша . Kazakhstan Today. Атырауда "Дана" ЖШС кассиріне жасалған қарулы шабуылдың беті ашылды. Қылмыскерлер 7,8 млн. теңгені қолды еткен болатын. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР ІІМ криминалды полиция Комитетінен хабарлаған.

  • 1 Қараша 2006
  • 299
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, ЖШС кассиріне және оның жанындағы екі күзетшісіне 25 қазан күні қарулы шабуыл жасалған. «Шабуыл нәтижесінде қылмыскерлер 7 млн. 800 мың теңгені алып кеткен»,-деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күзет фирмасының ауысым бастығы мен оның үш серіктесі ұсталды. Олар Атырау облысының тұрғындары. «Қолға түскендерден заттай айғақ- 6 млн. теңге көлеміндегі ұрланған ақша табылды»,-дейді ІІМ өкілдері.

Қазіргі кезде, полицейлер қылмысқа қатысы бар бесінші қылмыскерді -«Риверсайд» ЖШС күзет фирмасының қызметкерін іздестіруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта