Мектеп жаттықтырушысының сөзінше, опат болған 9 сыныпта оқыған Жалғас Бозжанов белсенді, көпшіл оқушалардың бірі болыпты. Бірнеше рет мектептің абыройын қорғап, спорттық жарыстарда сынға түскен.
"Спортқа әуестігі жоғары болды. Еңбекшіл әрі төзімділігінің арқасында сайыстарда бірнеше рет алғашқы орындарды иеленіп жүрді. Достары көп, олардың барлығы жалғасты сыйлайтын. Бұл жағдай бізді дүр сілкіндірді", — дейді жаттықтырушы Нұрсұлтан Құпашев.
Екі бала қатты мұздап қалғандықтан, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үшінші бала үйіне кетіп қалыпты.
"Балалардың денсаулығы тұрақты, оған төнетін еш қауіп жоқ. Екі-үш күнде үйлеріне қайтарылатын болады", — деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Мүбәрәк Сәрсенов.
Қайғылы жағдай орын алады деп ешкім де ойламапты. Апаттан кейін ТД қызметкерлері су қоймаларының маңында қарауыл ұйымдастырып, жергілікті өзен-көлдерді арнайы жолақпен қоршап қойыпты. Дегенмен соның өзінде өзеннің барлығын аумағын бақылауға алу мүмкін емес көрінеді.