Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталды

Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталды

Бүгін, 19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2004
  • 320
Фото - Caravan.kz

Шараға жалпыұлттық БАҚ-тардың басшылары, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, қоғам және саяси қайраткерлер, танымал журналистер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 300-ге жуық делегат қатысып отыр.

Форумға сондай-ақ, ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов пен елімізде аккредитацияланған елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.
Конгресс бағдарламасына сәйкес, онда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, Қазақстанда жарнама нарығын дамыту, Қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік мекемелермен ықпалдастығы, масс-медианың баспасөз қызметтерімен арақатынасы, журналистерді дайындау стандарттарына деген жаңаша көзқарас мәселелері сарапталады.
Конгресс жұмысының екінші күні, 20-ақпанда Қазақстан журналистері конгрессінің «Жыл журналисі» атты сыйлығы табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар