— Ескертпейді ме бір ай бұрын, немесе жаңа жылға дейін уақыт бермейді ме? Біз аппарат алмаймыз деп жатқан жоқпыз, аламыз аппарат. Бірінші ескертсін, сосын салсын штрафты.
Осылайша 10 бағытта жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік қатынаусыз қалғандықтан атыраулықтардың басым бөлігі бүгін жұмысқа кешікті. Ал салық департаменті қызметкерлерінің құрығына түскен автобус жүргізушілері 25 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр. Себебі оларда тиісті кассалық аппарат орнатылмаған болып шықты. Ал жүргізушілердің барлығы бүгін күшіне енген заңнама жайлы хабарсыз екен. Ашынған жұртшылыққа басу айтуға келген шенділер орын алған олқылықтардың барлығын қалпына келтіруге уақыт берілетіндігін жеткізді. Яғни алдағы 10 күн ішінде оларға айыппұл салынбайтын болды.
Асқар Амандосов, автобус жүргізушісі:
— Бүгін ескертпестен бізге айыппұл сала бастады. Кассалық аппараттарың жоқ дейді. Сондықтан барлығымыз рейске шықпаймыз. Шықсақ штраф жазады. Ондай ақшаны біз қайдан табамыз.