Атырауда Құрманғазы кенішінде алдағы уақытқа жоспарланған барлау ұңғысын бұрғылау жұмыстарына байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Құрманғазы кенішінде алдағы уақытқа жоспарланған барлау ұңғысын бұрғылау жұмыстарына байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады

Атырауда Құрманғазы кенішінде алдағы уақытқа жоспарланған барлау ұңғысын бұрғылау жұмыстарына байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады

16-шілде-сәрсенбіде Атырауда Құрманғазы кенішінде алдағы уақытқа жоспарланған барлау ұңғысын бұрғылау жұмыстарына байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Шiлде 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

Тыңдау — жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалауға арналады. Компанияның баспасөз қызметінде атап көрсетілгеніндей, осындай тыңдау шарасының ұйымдастырылуының өзі Құрманғазы жобасының жүзеге асырылуының бастамасы болса керек.

Құрманғазы кеніші Солтүстік Каспий акваториясының оңтүстігіндегі судың саяз бөлігінде орналасқан. Кеніш теңіздің орта сызығына таяу жерде , Ресейдің иелігіндегі акваториямен шекараласады. Сондықтан да барлау жұмыстары Ресей жағымен бірлесе отырып жүзеге асырылмақ.
Мұнайгаз құрылымының болашағын бағалау үшін 2003-жылы жобалық тереңдігі 2000 және 1300 метрлік екі барлау ұңғысын бұрғылау межеленген. Бұрғылау жұмыстарын «Астар» және «Исполин» атты бұрғылау қондырғыларының көмегімен «Лукойл-Шельф ЛТД» және «Қиыршығыс теңіз компаниясы» кәсіпорындары атқарады.

Соңғы жаңалықтар