Атырауда құтқарушылар адам құлаған тереңдігі 350 метрлік шахтаға түсуге әрекеттеніп жатыр
![]() |
Атырау облысының Индер ауданында құтқарушылар адам құлап қалған тереңдігі 350 метрлік шахтаға түсуге дайындалуда. |
Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шахтаға түсу оның тереңдігімен ғана емес, оның ішінде газдың жиналу мүмкіндігімен қиындауда. Сондықтан облысқа осындай жағдайларда жұмыс жасаудың тәжірибесі бар мамандар шақырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні түстен кейін орын алды. Индерборский кентінің 50 жастағы тұрғыны белгісіз себептермен қараусыз қалған шахтаның қасында болып, оның ішіне құлап кеткен. Ер адамның туыстары шахтаға түсу идеясынан бас тартты.
Жұма, 7 желтоқсан күні ТЖ бойынша облыстық департаментінің қызметкерлері күні бойы құтқару операциясын өткізді. Бірақ шахтаның бұрыннан қараусыз қалғаны, ал жеделсаты мен ағаш сатыны жергілікті тұрғындардың бұзғаны ескеріліп, 100 метрдей тереңдіктен төмен түсе алмады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін