Атырауда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталды

Атырауда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталды

Атырау облысының соты аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің үш қызметкеріне үкім кесті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 690
Фото - Caravan.kz

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің бұрынғы бастығы Марат Дәулетов, УГ-157/10 мекемесінің бастығы Берік Есмағамбетов пен УГ-157/10 түзеу мекемесінің аға өкілетті уәкілі Айдын Меңдіғалиев жұмысына салғырт қарап, билік пен өкілеттікті асыра пайдаланды деп танылды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, М.Дәулетовтің мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді, 2 жылға дейін мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды.
Б.Есмағамбетов пен А.Меңдіғалиев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың да мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқынан айырылды.
Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, былтыр жазда олар Молдавия азаматын мерзімінен бұрын босату туралы заңсыз шешім қабылдаған. Молдавия азаматы іле-шала елден қашып кетіпті.

Соңғы жаңалықтар