Бұл туралы Tengrinews.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Төбелестің себебі күзетшілер жұмысшыларды зауыт территориясынан ішкі тәртіп бойынша орнатылған уақыттан бұрын шығармай қойған. Мұны қытайлық компанияның жұмысшысы күзетшілердің әрекетін видеоға түсіре бастаған. Өз кезегінде күзетшілер нысан территориясында түсірілім жасауға тыйым салғысы келген, осылайша тәртіпсіздік орнаған. Оған басқа жұмысшылар да қатысқан.
Қақтығысты зауыттың ішкі қауіпсіздік күштері бірнеше минуттың ішінде тоқтатыпты.
"Осылайша қақтығыс жойылды. Зауытты күзететін кәсіпорын қытайлық компаниядан кешірім сұрады", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, енді бұдан былай қытайлық мердігер ұйым мен АМӨЗ мердігер ұйым жұмысшыларын бөлек өткізуді ұйымдастыру бойынша шаралар жоспарын жасапты.
"Ақ Жайық" дереккөзінің мәліметінше, төбелеске Қытайдың алты азаматы қатысқан — олар Sinopec Engineering компаниясының жұмысшылары. Басылымның мәліметінше, АМӨЗ-де бұған дейін де шетелдіктердің қатысуымен қақтығыстар болған.