Атырауда сәбиін 38 жерден пышақтаған әйелге сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сәбиін 38 жерден пышақтаған әйелге сот үкімі шықты

Атырауда сәбиін 38 жерден пышақтаған әйелге сот үкімі шықты

Атырауда төрт айлық баласын 38 жерден пышақтаған анаға сот үкімі шықты. Сот әйелді қылмысты есі дұрыс емес хәлде жасады деген шешімге келіп, оны мәжбүрлі түрде психикалық емханаға жіберді.

  • 25 Қараша 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында безбүйрек ананың ісі екі айдан астам уақыт қаралды. Сот отырысында 42 жастағы әйелдің паранойтты шизофрениямен ауырып, қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмағаны дәлелденді. Сот үкімін тыңдауға әйелдің туыстары келмей, оның күйеуі үкімді онлайн тыңдады. Әйел психиатриялық орталыққа жатқызылған.

"ҚК 99 бабының 3 бөлігімен көзделген іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚК 16 бабымен қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Оған мамандандырылған үлгідегі психияторлық станционарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын",— деді судья Зарема Хамидуллина.


 

Соңғы жаңалықтар