Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды

Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды

Сарбаз жарты жылдан астам туберкулезден емделіпті, алайда дерті меңдеп, хәлі нашарлап кеткен

  • 10 Маусым 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

 Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, әскери борышын өтеп жүрген сарбаз менингококк менингитінен қайтыс болмаған, бұл дерек лабораториялық зерттеулер нәтижесінде белгілі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз Қазақстанның әр қалаларында емделген. Облыстық ауруханаға 5 мамырда ауыр хәлде түсіпті. Сараптама нәтижелері туберкулез диагнозын анықтаған.

"Науқасты облыстық туберкулезден емдейтін диспансерге жатқыздық, арнайы ем қабылдап жатқанымен, дерті меңдеп, хәлі күн сайын мүшкілдей түсті. Ақыры туберкулез менингитіне ұласқан. Әртүрлі қалаларда жарты жылдан астам ем алыпты", — деп мәлімет берді Атырау облысыденсаулық сақтау басқармасы.

Туберкулездің неге асқынып кеткенін қызметтік тексеру анықтайды.


 

Оқи отырыңыз:

Семейде өзін суға тастамақшы болған жігітті тұрғындар құтқарып қалды
Дархан Кәлетаев: діннің оң әлеуетін халқымыздың бірлігін нығайтуға жұмылдыруымыз керек
Астананың 20 жылдығына шетелдік емес, қазақстандық өнерпаздар қатысуы керек — Қасым-Жомарт Тоқаев
 
Соңғы жаңалықтар