Атырауда шахтаға құлаған адамды 8 күн бойы шығара алмай жатыр
|
Атырау облысында тереңдігі 300 метр шахтаға құлап кеткен азаматты құтқарушылар 8 күн бойы шығара алмай жатыр. 50 жастағы Индербор ауданының тұрғыны Батырбек Рысмұхамбетов ескі шахтаға кәдеге жарар зат іздеп барыпты. Оқыста аяғы тайып, 300 метр кенішке түсіп кеткен.
Кезінде тұз шығарған бұл шахтаның жабылғанына бірнеше жыл болыпты. Оған кірер жерлердің бәрі жабылғанымен, қоршауларды жергілікті жұрт бұзып әкетіп, құрылысқа қолданған екен. Тіпті жер астына апаратын лифтті де ұрлап кеткен. Ал ағаш баспалдақты қаскөйлер өртеп жіберіпті. Сондықтан құтқарушылар шахтаның 300 метр тереңдіктегі түбі тұрмақ, ортасына да жете алмай жатыр. Атырау мен көрші Оралдан келген құтқарушылар жұмылып жатып, әрең дегенде 60 метрге дейін түскен. Енді әрі қарай жұмыстарды жалғастыру үшін астаналық мамандардың келуін күтіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін