Кезінде тұз шығарған бұл шахтаның жабылғанына бірнеше жыл болыпты. Оған кірер жерлердің бәрі жабылғанымен, қоршауларды жергілікті жұрт бұзып әкетіп, құрылысқа қолданған екен. Тіпті жер астына апаратын лифтті де ұрлап кеткен. Ал ағаш баспалдақты қаскөйлер өртеп жіберіпті. Сондықтан құтқарушылар шахтаның 300 метр тереңдіктегі түбі тұрмақ, ортасына да жете алмай жатыр. Атырау мен көрші Оралдан келген құтқарушылар жұмылып жатып, әрең дегенде 60 метрге дейін түскен. Енді әрі қарай жұмыстарды жалғастыру үшін астаналық мамандардың келуін күтіп отыр.