Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет малярия ауруы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет малярия ауруы тіркелді

Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет малярия ауруы тіркелді

Атырау қалалық ауруханасына маляриямен ауырған бір әйел жатқызылды. Облыстық тазалық-індет станциясы мамандарының айтуынша, Атырау облысында сирек кездесетін бұл ауру соңғы рет 2001-жылы тіркеліпті.

  • 15 Шiлде 2003
  • 1400
Фото - Caravan.kz

Санитарлық дәрігерлердің пайымдауынша, жуырда Әзербайжанда болып қайтқан әйел ауруды сол жақтан жұқтырып келген көрінеді. Әйелдің аяғы ауыр болғандықтан ол облыстық перзентхананың реанимациялық бөлімшесіне қабылданды.

Малярия безгегін анефелес атты маляриялық масалар таратады. Ондай сырқатқа шалдыққан адамның қызуы көтеріліп анемияға ұшырайды. Дәрігерлердің айтуынша, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбесе, ауру ауыр зардапқа ұшыратуы мүмкін.
Осыған байланысты облыстық тазалық-індет станциясы дәрігерлерге малярия белгілері бар науқастарға баса назар аударып тізіміге алуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар