Қаланың 23 жастағы тұрғыны өткен жылдың 2 желтоқсанында ұсталды. Қала маңындағы кентте ол халық құрметтеген емші және ағартушы Әулие Сары атаның қабірін бұзып келген. Телефон арқылы хабардан кейін оқиға орнынан келген полиция қызметкерлерінің тәртіпсіздікті тоқтату туралы талабына, вандал өзін-өзі жарып жіберетіндігін айтып, қорқытқан. Ал ұсталған кезде қарсылық танытып, арнайы жасақтағы қызметкерлерге балта алып жүгірген.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қабірді қорлаушы ҚР ҚК-нің 275-бабының 1-бөлімі («вандализм») және 96-бабы, 2-бөлімінің «б» тармағы («кісі өлтіруге әрекет ету») бойынша айыпталды.
Бірақ істі қарастыру барысында сот «вандализм» бойынша жазалауды қарастыратын бапты «бұзақылыққа» ауыстырды. Нәтижесінде 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі абақтыда өтейтін болды.