Атырауда сотта анасы балаларының туу фактісін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сотта анасы балаларының туу фактісін дәлелдеді

Атырауда сотта анасы балаларының туу фактісін дәлелдеді

Атырауда қалалық сот әйелдің балаларының тууын  заңды растау туралы  талабын қанағаттандырды.

  • 24 Қыркүйек 2016
  • 338
Фото - Caravan.kz


 «Сотта шағыммен жүгінген әйелдің ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқаны анықталды. Олардың үш кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.  Балалардың барлығын үйде босанған. Себебі оны құжаттары мен тұрақты тұратын орны болмағанын желеу етіп, ауруханаға қабылдамаған. 2015 жылғы желтоқсанда  үйлері өртеніп кетіп, оларды дағдарыс орталығына орналастырады. Ол жерде шағымданушының балаларының құжаты жоқтығы үшін тіркеуден бас тартқан. Сот шағымданушының өз балалары екеніне келтірген жеткілікті дәлелдерін ескеріп, балалардың туғанын заңды растау туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарды», — деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.