Атырауда сүйіскені үшін қызметінен қуылған шекарашы әйелдер қайта жұмысқа алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сүйіскені үшін қызметінен қуылған шекарашы әйелдер қайта жұмысқа алынды

Атырауда сүйіскені үшін қызметінен қуылған шекарашы әйелдер қайта жұмысқа алынды

Атырауда қызмет орнында бір-бірімен сүйісеміз деп, жұмыссыз қалған екі әйелдің ісіне қатысты сот шешімі шықты. Осы ұятты оқиғадан соң «заңсыз жұмыстан шығарды» деп өздерінің басшыларын, яғни 2201 әскери бөлімін сотқа берген шекарашы келіншектер қызметтеріне қайта оралатын болды. Және бос жүрген күндері үшін де жалақы төленіп, әрқайсысына 300 мың теңгеден моральдық өтемақы беріледі.

  • 29 Тамыз 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Мына бейнекадрде форма киген старшина мен аға матростың аз-кем әңгімелескен соң бірін-бірі құшақтап, сүйісіп тұрғаны анық көрінеді. Олардың бұл қылықтары сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл кадрлер ғаламтор арқылы тарап кеткен соң, басшылығы оларды «жұмыста үш сағаттан артық себепсіз болмады» деп қызметтен қуған еді. Бірақ, екеуі қарап қалмай басшыларын сотқа берді. Өздерін бейнекамераға түсіруге тыйым салған қос әйел сот шешіміне разы. Енді олар осы бейнекадрларды жұртқа таратып жіберген жандарды іздеп тауып, жауапқа тартқызуды көздеп отыр. Бірақ не себепті бір-бірін құшырлана сүйгендері сол күйі белгісіз боп қалды. 

Соңғы жаңалықтар