Caravan Logo

Атырауда сүйіскені үшін қызметінен қуылған шекарашы әйелдер қайта жұмысқа алынды

Атырауда сүйіскені үшін қызметінен қуылған шекарашы әйелдер қайта жұмысқа алынды

Мына бейнекадрде форма киген старшина мен аға матростың аз-кем әңгімелескен соң бірін-бірі құшақтап, сүйісіп тұрғаны анық көрінеді. Олардың бұл қылықтары сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл кадрлер ғаламтор арқылы тарап кеткен соң, басшылығы оларды «жұмыста үш сағаттан артық себепсіз болмады» деп қызметтен қуған еді. Бірақ, екеуі қарап қалмай басшыларын сотқа берді. Өздерін бейнекамераға түсіруге тыйым салған қос әйел сот шешіміне разы. Енді олар осы бейнекадрларды жұртқа таратып жіберген жандарды іздеп тауып, жауапқа тартқызуды көздеп отыр. Бірақ не себепті бір-бірін құшырлана сүйгендері сол күйі белгісіз боп қалды. 

Loading...