Атырауда табиғат қорғау заңын бұзғаны үшін "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-ның бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда табиғат қорғау заңын бұзғаны үшін "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-ның бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды

Атырауда табиғат қорғау заңын бұзғаны үшін "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-ның бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды

Атыраудың табиғат қорғау прокуратурасы "Қазақстан Темір жолы" ҰК" ЖАҚ-на қарасты "Ақжайық" жуып-шаю станциясының жұмысын тоқтатты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық прокуратурасынан хабарлады.

  • 10 Ақпан 2004
  • 735
Фото - Caravan.kz

Атыраудың орталығында орын тепкен «Ақжайық» станциясында цистерналардағы мұнай өнімдерінің қалдықтары жуылады. Кейінгі кездері қала тұрғындарына станция маңынан таралатын жағымсыз иіс туралы шағымдар жиі түсе бастаған.

Осыдан кейін құрамына прокуратура мен «Талдау зертханасы» мемлекеттік қазынашылық-коммуналдық кәсіпорны қызметкерлері қамтылған комиссия арнайы тексерулер жүргізді. Нәтижесінде «Ақжайық» станциясынан концентрациясы шектеулі мөлшерден әлдеқайда артық улы заттардың қоршаған ортаға тасталатындығы анықталды. Станция төңірегінен алынған ауа сынамасының химиялық талдауы күкіртсутегінің мөлшері шектеулі шамадан артып кеткенін айғақтады. Шектеулі концентрация бір текше метріне 0,008 миллиграмм екеніне қарамастан оның мөлшері 0,017-0,0097 миллиграмм болып шыққан.
Тексеру қорытындысы бойынша Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына станция жұмысын тоқтату арқылы қайшылықты арылту туралы бұйрық берілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы көлік прокуратурасы станция жұмысын төрт айға тоқтатқан болатын. Алайда, станция жұмысы қайтадан қалпына келтірілді. Облыс прокуроры Рахымбек Мамырбаевтың айтуына қарағанда, өткен жылы станцияны жабуға тағы да табиғат қорғау заңын бұзу дерегі әсер еткен. Алайда, ол кезде ауа сынамасына мұқият зертханалық тексерулер жүргізуге құрал-жабдық болмаған. Осы жолы станцияның ауаны ластап отырғандығы нақты дәлелденгендіктен, прокуратура станцияны толық жауып, оны қала сыртына көшіруге қол жеткізбекші,- деді Р.Мамырбаев.

Соңғы жаңалықтар