Атырауда табиғи газ мұнайдың ілеспе газымен алмастырылуы мүмкін
Атырауда сессияда облыстық әкімдіктің басшысы Бергей Рысқалиев мұнайшыларға өтініш жасап, мұнай өндіру барысында жағылып жатқан ілеспе газды өңдеудің көлемін арттыруды сұрады. |
Үкімет Қазақстанда табиғи газға бірыңғай көтерме баға енгізу мәселесін көтеріп отыр. Көгілдір отынның ел ішіндегі тасымал бағасы 1 текше метр үшін 420 теңгеден 880 теңгеге дейін өседі деп пайымдалуда. Ал бұл жаңалық өз кезегінде газдың тарифіне, коммуналдық қызметтердің құнына әсер етпей қоймайды.
«Мен мұнай өндіруші компаниялардың басшыларына мұнаймен бірге шығатын және бостан-босқа жағылып жатқан ілеспе газдың пайдаланудың көлемін арттыру туралы өтініш жасап отырмын. Ол газды тазартып, отынға айналдырып, табиғи газдың орнына пайдалануға болады. Солай етсек, мұнай бағасының қымбаттауына жол бермейміз», - деп хабарлады Б.Рысқалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін