Атырауда табиғи газ мұнайдың ілеспе газымен алмастырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда табиғи газ мұнайдың ілеспе газымен алмастырылуы мүмкін

Атырауда табиғи газ мұнайдың ілеспе газымен алмастырылуы мүмкін

Атырауда сессияда облыстық әкімдіктің басшысы Бергей Рысқалиев мұнайшыларға өтініш жасап, мұнай өндіру барысында жағылып жатқан ілеспе газды өңдеудің көлемін арттыруды сұрады.

  • 17 Маусым 2011
  • 775
Фото - Caravan.kz

Үкімет Қазақстанда табиғи газға бірыңғай көтерме баға енгізу мәселесін көтеріп отыр. Көгілдір отынның ел ішіндегі тасымал бағасы 1 текше метр үшін 420 теңгеден 880 теңгеге дейін өседі деп пайымдалуда. Ал бұл жаңалық өз кезегінде газдың тарифіне, коммуналдық қызметтердің құнына әсер етпей қоймайды.

«Мен мұнай өндіруші компаниялардың басшыларына мұнаймен бірге шығатын және бостан-босқа жағылып жатқан ілеспе газдың пайдаланудың көлемін арттыру туралы өтініш жасап отырмын. Ол газды тазартып, отынға айналдырып, табиғи газдың орнына пайдалануға болады. Солай етсек, мұнай бағасының қымбаттауына жол бермейміз», — деп хабарлады Б.Рысқалиев.

Соңғы жаңалықтар