Атырауда тағы бір шенді аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тағы бір шенді аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталуда

Атырауда тағы бір шенді аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталуда

Атырау облысында жемқорлық дерегі бойынша тағы 6 адамға іздеу жарияланды. Құлқын қамын күйттегендер облыс орталығында су жинау және тазарту құрылғыларын салу кезінде 227 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған. Жемқорларды Қаржы полициясы іздеп жатыр. Барлығы шу шыға бастағанда-ақ із жасырып үлгеріпті.

  • 17 Қараша 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz


Мұрат Жұманбай, ЭҚСЖҚК агенттігінің ресми өкілі:

— 2012 жылғы 13 қарашада «АтырауГрандСтрой» ЖШС директоры Жұлмағамбетов , «Центр Строй ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Даневич, «BNB Construction» ЖШС есепшісі Азбергенова және Ізбасар, Сүлейменов пен Желдібаев  деген азаматтар іздеуге жарияланды.

Сонымен бірге, қаржы полициясының құрығына облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Нұрлан Кенжебеков те ілінді. Шенеунік «Атырау-Доссор-Мақат» су құбырын салуға бөлінген 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан. Қазір Кенжебеков сот санкциясымен үй қамауында отыр. Айта өтейік, қыркүйек айында жемқорлық деректері бойынша Атырау облысы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қатысты шу облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қызметтен кеткен соң басталған-ды. Кейін оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиге де халықаралық іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар