Атырауда «телефон лаңкесі» сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда «телефон лаңкесі» сотталды

Атырауда «телефон лаңкесі» сотталды

Ал Атырауда супермаркет пен автобекетте «жарылғыш зат бар» деп жұртты дүрліктірген азамат сотталды. Екі күн бойы тәртіп сақшылары мен тұрғындардың есін шығарған телефон лаңкесі 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 5 Желтоқсан 2015
  • 169
Фото - Caravan.kz

Атырауға күнкөріс қамымен келіп, бірақ жұмысқа орналаса алмаған 48 жастағы алматылық Манат Тоқтарбеков әуелі 10 қыркүйек күні өзінің ұялы телефонынан 112-ге соғып, автобекет ғимаратында қара сөмкенің жатқанын және оның ішінде жарылғыш зат бар екенін хабарлапты. Және мұнымен қоймай, келесі күні полицияға да супермарткеттердің бірінде бомба бар деп қоңырау шалыпты. Абырой болғанда, айтқандары шындыққа жанаспады. Жедел әрекет ету қызметтерін босқа әбігерге салған азамат үшінші күн дегенде қолға түскен еді. Енді оның бұрын сотталмағанын және ісіне өкінетінін ескерген сот оған жұмсақтық танытты. Тоқтарбеков алдағы 2 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізбек.

Соңғы жаңалықтар