«Олар әбден ескірген үйлер. Ағымдағы жөндеуге мұқтажы — 70 үй, түбегейлі жөндеуге мұқтаж — 10 үй анықталып отыр. Үйлердің тізімін жасау кезінде комиссия олардың ескіру деңгейін ғана басшылыққа алды, сондықтан да үйлер қаланың барлық ықшам ауданында орналасқан», деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров.