Жарияланды: 320

Атырауда түнде болған өрт салдарынан бір әйел мерт болды

Бүгін Атырау қаласында түнде жекеменшік тұрғын үйде 75 шаршы метр аумаққа тараған өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнынан 58 жастағы әйелдің мүрдесі табылды, бұдан басқа, термиялық күйіктер шалған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Бейсенбі күні Шымкент қаласында бөлек тұрған ғимараттың тұрмыстық бөлмесі отқа оранды. Жалын жарты сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 22 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін