Бұл оқиға қараша айының ортасында болған еді. Ес-түссіз әрі әбден соққы жеген 40 жастағы шетелдік жол жиегінен табылған еді. Ол бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі таңда ол ауруханадан шығып, отанына аттанып кетті.
«Атырауда тұратын екі жас жігіт ұсталды. Олардың бірі өз жасағандарын мойындады»,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гулнәзира Мұхтарова.