Атырауда заңсыз ойынхана ашқан ресейлік сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда заңсыз ойынхана ашқан ресейлік сотталды

Атырауда заңсыз ойынхана ашқан ресейлік сотталды

ҚазАқпарат - Атырау соты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыпталған Ресей азаматына қатысты үкім шығарды

  • 5 Ақпан 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Былтыр күзде қаланың ортасындағы жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында заңсыз құмар ойыны бизнесін ұйымдастырған Ресей азаматы В. Гайтанжи екендігі анықталды. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға сотталды», — деп хабарлады Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, астыртын ойынхана жабылған сәтте сол ғимараттан 68 мың доллар, 18 млн теңге, 360 мың Ресей рублі, сондай-ақ ойынға арналған жабдықтар мен фишкалар тәркіленді.