Атырауда Жайық өзені маңындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Жайық өзені маңындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды

Атырауда Жайық өзені маңындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды

Атырау қаласында Жайық өзені маңындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды.

  • 16 Сәуiр
  • 6
Фото: Kazinform/Ғайсағали Сейтақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау қаласындағы Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиев бірнеше саяжай қауымдастығының тұрғындарына көшу туралы хат жолдаған. Хатта Жайық өзені суының көтерілуіне байланысты көшу қажеттігі айтылған. 

Кейін бұл хат әлеуметтік желіде тарап, тұрғындар алаңдаушылық білдірді. Осыған орай Атырау облысының жедел штабы түсінік берді. 

«Әлеуметтік желіде Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиевтың атынан жолданған хат тарады. Бұл хат шынында да «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілген. Аталған саяжайлар қорғаныш сызығынан тыс жерде, Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан. Мұнда топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары. Жағаны қорғау шахталарының құрылысы мүмкін емес. Осыған байланысты аталған бау-бақша серіктестіктерінің иелеріне хабар жіберілді», -деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Серік Шәпкенов Жайық өзенінің суы Атырау қаласына қай тұстан кіруі мүмкін екенін айтқан еді

Кейін Атырауда Береке, Алмалы, Бесікті ауылдарын су басуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз