Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео

Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео


Атырауда дәмхана ішіндегі би алаңында қызға қол көтерген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан. -ға сілтеме жасап.

  • 12 Қазан 2021
  • 102
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қазанда сағат түнгі үш шамасында 26 жастағы бойжеткеннен полицияға қоңырау түскен. Ол би алаңында ер адамның өзін жұдырықпен ұрып қашып кеткенін айтты.

 

"Сағат 03:33-де 102 операторына 1995 жылы туған тұрғын хабарласты. Ол сағат 03:25 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесінде орналасқан дәмханада билеп жүрген кезде белгісіз ер адам сол жақ көзі тұсынан ұрып, қашып кеткенін айтты", — делінген полиция ақпаратында.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөліміне ("бұзақылық") сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жедел іздестіру шаралары кезінде 1998 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар