Атырауда жасөспірім қыздар арасында волейболдан күзгі ел чемпионаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жасөспірім қыздар арасында волейболдан күзгі ел чемпионаты өтті

Атырауда жасөспірім қыздар арасында волейболдан күзгі ел чемпионаты өтті

1-7 қараша аралығында Атырауда алғаш рет волейболдан жасөспірім қыздар арасында күзгі Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 9 Қараша 2010
  • 671
Фото - Caravan.kz



ҚР Волейбол федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, олар жас ерекшелігі бойынша үш топқа бөлініп сайысқан. Онда теміртаулықтардың мерейі үстем болды. Олар 1993-94 және 1995-96 жылдары туған құрдастары арасынан үздік шығып, Қазақстан чемпионы атанды. 193-94 жылғылар арасында 7 команданың арасынан үздік үштікке Оралдың «Спортинтернаты» мен Қостанайдың «Иволгасы» енді. 1995-96 жылғылардан 12 команданың арасынан мұндай мәртебеге «павлодарлық» және «астаналық» волейболшылар ие болды. Ал 1997-98 жылдары туғандардан 6 команданың арасынан Ақтөбе облысынан — «Арман», Орал қаласынан — «Спортинтернат» және Алматы облысынан «СДЮШОР СК ЦСКА» үздіктер қатарына ілікті.