Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындары ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындары ашылды

Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындары ашылды

Атырауда Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драмалық театрында Қазақстан жастарының ұлттық VII Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті.

  • 27 Маусым 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Биылғы ұлттық Дельфий ойындары ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Шараның мақсаты — дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, мәдени мұраларымызды сақтау және еселеу, жастарды тағаттылық рухында және басқа халықтың мәдениетіне деген қызығушылыққа тәрбиелеу», — дейді Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков.

Ұлттық Дельфий ойындарына Қазақстанның барлық өңірінен 10 мен 25 жастың аралығындағы жастар қатысады. Фортепианода, скрипкада, аккордеонда, баянда ойнау, академиялық орындаушылық және халық әндерін орындау, халық және қазіргі заман биі, фотосурет, бейнелеу өнері, дизайн аталымдары бойынша өтетін ойындар 28 маусымға дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар