Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындарының жеңімпаздары белгілі болды
Атырауда Қазақстан жастарының ұлттық VII Дельфий ойындарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. |
Биыл жарысқа еліміздің барлық облысынан 10 мен 25 жас аралығындағы 400-ден астам адам қатысты. Ойын 13 аталым бойынша өткен болатын.
Фортепианода ойнау атылымы бойынша жастар тобында Батыс Қазақстаннан келген Мария Сидорович, ересектер тобында астаналық Айымгүл Сыздықова жеңімпаз атанды. «Скрипка» аталымында атыраулық Бибіфатима Әзиева мен Шығыс Қазақстан облысының өкілі Арна Бімашева бірінші орынды алды.
Домбырашылар арасынан Атыраудың өкілдері Карина Әмірғаиева мен Серік Абаев бас жүлдеге ие болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін