Caravan Logo

Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындарының жеңімпаздары белгілі болды

Атырауда жастардың ұлттық VII Дельфий ойындарының жеңімпаздары белгілі болды

Биыл жарысқа еліміздің барлық облысынан 10 мен 25 жас аралығындағы 400-ден астам адам қатысты. Ойын 13 аталым бойынша өткен болатын.

Фортепианода ойнау атылымы бойынша жастар тобында Батыс Қазақстаннан келген Мария Сидорович, ересектер тобында астаналық Айымгүл Сыздықова жеңімпаз атанды. «Скрипка» аталымында атыраулық Бибіфатима Әзиева мен Шығыс Қазақстан облысының өкілі Арна Бімашева бірінші орынды алды.

Домбырашылар арасынан Атыраудың өкілдері Карина Әмірғаиева мен Серік Абаев бас жүлдеге ие болды.