Жарияланды: 340

Атырауда жемқорлардың саны тағы еселеп артты

Атыраудың қамбасын қанаған жемқорлардың саны тағы еселеп артты. Бұған дейін де бірнеше миллиардтаған қаржыны қымқырып үлгергендердің сапы бұл жолы шенеуніктермен емес, құрылыс компанияларының бастықтарымен толығып отыр.

Былыққа белшесінен батқандардың басында “Снабойл” компаниясының бастығы Айбат Сүлейменов тұр. Ол бұрын облыстық мәслихаттың депутаты қызметін де атқарған екен. “Снабойлдың” жасаған жұмыстары соңғы жылдары көптің көңіліне күдік ұялатқан. Өйткені қызметтерінің сапаздығы туралы бірнеше ескерту жасалғанымен мемлекеттік тапсырыстардың барлығы осы компанияға тоқтаусыз тарту етіліп келіпті. Майлы жіліктің қызығын көргендер қатарында “Центр Строй ЛТД” серіктестігі директорының орынбасары Артем Даневич, “BNB Construction” компаниясының бас есепшісі Гүлмира Әзбергенова, Мұрат Желдібаев, Галина Ваккер және Ерболат Ізбасар сынды құрылыс компанияларының жоғарғы басшылары да бар. Барлығы қазір халықаралық іздеуде. Жемқорлар жалпы 227 миллион теңгені жымқырыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін