Атырауда жолаушы тасымалдайтын Ан-24 ұшағы апатты жағдайда қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жолаушы тасымалдайтын Ан-24 ұшағы апатты жағдайда қонды

Атырауда жолаушы тасымалдайтын Ан-24 ұшағы апатты жағдайда қонды

Атырау әуежайында "Евро Азия Эйр" әуекомпаниясына қарасты жолаушы тасымалдайтын Ан-24 ұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Ұшақ бортында 34 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

  • 10 Наурыз 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, 9-наурызда 11 сағат 57 минутта ЖСЖ/847 санды рейспен Ақтау-Атырау бағытында ұшып келе жатқан ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққан. Әуе кемесі 12 сағат 10 минутта қонды. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Атырау әуежайының жер үсті қызметтері қажетті қауіпсіздік шараларын түгел қарастырып, өртке қарсы күрес, медициналық, шұғыл-құтқару күш-құралдары әзірлік жағдайына көшірілді.

Перейти к новостям спорта