18-маусымда 3 сағат 35 минутта Атырау әуежайына қонуға бет түзеп, ұшу-қону алаңына тақап қалған жолаушы тасымалдаушы ұшақтың сол жақ шассиінің тағаны шықпай қалған.
Ұшақ бортында 142 жолаушы мен экипаждық 10 мүшесі болған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.