Атырауда жол-көлік апаты салдарынан газ құбырына ақау келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жол-көлік апаты салдарынан газ құбырына ақау келді

Атырауда жол-көлік апаты салдарынан газ құбырына ақау келді

Атырауда жол-көлік апатының салдарынан қысым астындағы көгілдір отын құбырына ақау келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 17 Маусым 2003
  • 569
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметіне жүгінсек, жүргізушісі көлігін басқаруға шамасы келмей қалған Джип автокөлігі газ тарату құбырының жапқыш тетігін таптап өткен. Соның салдарынан көгілдір отын 15 минут бойы атмосфераға таралды. Төтенше жағдай орын алған жерге «Атырауоблгаз» ААҚ-ның апаттық тобы жетіп, ауаға шыққан газ ағынын тоқтату шараларын жүзеге асырды. Төтенше жағдай салдарынан шеккен шығынды автокөлік қожайыны төледі.

Соңғы жаңалықтар