Атыраудағы балабақшада туберкулездің ашық түрімен ауыратын әйел жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы балабақшада туберкулездің ашық түрімен ауыратын әйел жұмыс істеген

Атыраудағы балабақшада туберкулездің ашық түрімен ауыратын әйел жұмыс істеген

42 жастағы науқас әйел негізі екі жыл бұрын орналасқан екен. Ал бір ай бұрын қатты сырқаттанып, ауруханаға түскенде оған аллергия деген диагноз қойылыпты. Қан сараптамасынан кейін ғана туберкулездің ашық түрімен ауыратыны белгілі болды.

  • 24 Қараша 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

42 жастағы науқас әйел негізі екі жыл бұрын орналасқан екен. Ал бір ай бұрын қатты сырқаттанып, ауруханаға түскенде оған аллергия деген диагноз қойылыпты. Қан сараптамасынан кейін ғана туберкулездің ашық түрімен ауыратыны белгілі болды. Осы жайттан соң үш аптадан кейін ғана балабақша түгелдей залалсыздандырып, науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған 45 бүлдіршін флюрографияға түсірілген. Тағы 800 баланы түгел тексерісу мәселесі қаралып жатыр. Мекеме директоры мен мейірбике бұл оқиғадан соң өз еріктерімен жұмыстан кеткен. Ал жаңа басшылығы дизинфекцияны ата-аналардан жасырып, балабақша жөндеу жұмыстарына жабылды деп алдапты.

Дина Мусиева, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Шыны керек, бұл мәселені әлі анық-қанығын білген жоқпыз. Сондықтан да біздер дезинфекция жасалғанда әлі толық мағлұмат алмағасын жерде ата-аналарға осылай айтуға мәжбүр болдық.