Атыраудағы күй фестиваліне қатысушылар Қазақстандық рекордтар кітабына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы күй фестиваліне қатысушылар Қазақстандық рекордтар кітабына енді

Атыраудағы күй фестиваліне қатысушылар Қазақстандық рекордтар кітабына енді

Атырауда ерекше концерт өтті. Онда Құрманғазының күйлерін бір мезетте мыңнан астам музыкант орындады.

  • 30 Мамыр 2013
  • 414
Фото - Caravan.kz

Орталықтағы «Мұнайшы» стадионына жиналған мыңдаған көрермен домбырамен орындалатынлған танымал 14 шығармаға тәнті болды. Олардың арасында Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Тәттімбет, Дина Нүрпейісованың алты күйі де орындалды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, концерт республикалық күй фестивалі шеңберінде өткізіліп отыр. Оған Қазақстан мен Реейдің әртүрлі облыстарынан шығармашылық ұжымдары шақырылды. Олардың қатарында Астана қаласы мемлекеттік филармониясының ұлт аспаптар оркестрі, Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестр, Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, сондай-ақ, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының өнерпаздары бар.
Сонымен қатар, ауқымды жобаға РФ Астрахань облыстық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысының жеті аудандық оркестрі ұжымы қатысты.

Перейти к новостям спорта