Жарияланды: 450

Атыраудағы қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 40 тонна жарылғыш зат табылды

Атыраудағы қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 40 тонна жарылғыш зат табылды, деп хабарлады қала прокурорының аға көмекшісі Магомед Эсенбулатов.

«Атырауқалалық прокуратурасының қызметкерлері қаланың шетінде орналасқан, бір ЖШС-ке тиесілі қоймалардан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 40 тонна жарылғыш затын тауып алды. Бұл қызметі жарылғыш заттарының айналымымен байланысты заңды тұлғалардың қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі бойынша тексеру барысында анықталды», - деді М. Эсенбулатов сейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне. Қауіпті жүк жарылғыш заттарымен жұмыс істеуге, оларды мұнай-газ саласында пайдалануға мемлекеттік ресми лицензиясы бар фирманың қоймасынан табылған. «Қала прокуратурасы бұл факт бойынша ТЖ жөніндегі облыстық департаментке заң бұзушылықты жою және айыпты тұлғаларды заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізді», - деп мәлім етті қала прокуратурасының өкілі. «Бұдан басқа, қала прокуратурасы аталған жарылғыш материалдардың иелері - ЖШС басшылығынан жарылғыш затты қысқа уақытта облыстың аумағынан шығаруды талап етті», - деді М. Эсенбулатов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін