Аудан мен ауылдарды аралап, үміткердің бағдарламасымен көпшілікті таныстырған белсенділер сайлауға сақадай саймыз дейді. Қазір облыста үміткердің 11 сенімді өкілі мен 30 ерікті бар. Олар бүгінге дейін 7 ауданның сайлаушыларымен кездескен. Сонымен қатар, Әбілғазы Құсайыновтың 14 сәуірде облыс орталығындағы халықпен кездесуіне қызу дайындалуда.