Атыраудағы түрік донерінде ет дәретхана суына жуылып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы түрік донерінде ет   дәретхана суына жуылып келген

Атыраудағы түрік донерінде ет дәретхана суына жуылып келген

Дау тудырған дөнер! Атырауда түрік тағамына қажетті еттің санитарлық талаптарға сай келмейтін жерде, яғни тура дәретханада жуылып жатқанын келушілердің бірі көріп, қызметкерлерін жағадан ала жаздады. Онымен қоймай лас асхананы ұялы телефонына түсіріп, дүйім жұртқа жария етті. Ал санитарлар жұрт астан ұшынбайынша еш шара қолдана алмаймыз деп қол қусырып отыр.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

-Мына табаққа тауықты  салады. Дәретханаға келеді де унитазға бір жағын тығады  табақтың…

Мына бейнеролик Атыраудағы «Алматы Дөнерде» түсірілген. Ашулы жігіт тауық етінің қайда жуылатынын көрсетіп, әлеуметтік желідегі жұрттың жағасын ұстатты.

-Қырғын халық  тамақ ішіп отыр. Балалар бар,есуас дәретханада қанша микроб барын білесің бе?

Қазір бұл жер келушілер үшін жабық. Қожайындарының айтуынша, күрделі жөндеу жүріп жатыр. Асхананың жағдайы расында да сын көтермейді екен. Шаң арасында қалған ыдыс-аяқ. Айғызы мен қан-жыны аралас тоңазытқыш. Десе де қожайына шу тудырған бейнероликті бәсекелестерінің бірінің әдейі жасаған әрекеті дейді.

Ғалымжан Төлеген, «Алматы Дөнер» тамақтану желісінің қожайыны:

-Ол кісімен мен сөзге келіп қалып, аздап арамызда түсініспеушіліктер болған. Одан кейін де біздің жұмысшы балаларға келіп, аздап қоқан-лоққы көрсетіп жүрген жігіт. Мен ойлап отырмын соған принцип ұстаған.  Клиент азая берсін, мен жұмыс істей  берем.

Ал санитарлық қызмет те түрік тағамдарының асханасын тексере алмаймыз деп отыр. Ол үшін алдымен біреу оңбай уланып, есін жиған соң арыз жазуы керек екен. Аты-жөні жоқ тексеріс жасауға болмайды дейді мамандар.  


Қаламқас Аманжолова, Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы:

— Жоспарлы және жоспардан тыс тексеру болған жоқ. Біздерге арыз-шағым түскен жағдайда әрине, ол жоспардан тыс тексерілуге жатады.

Ал нысанның иесі өзін дүйім жұртқа масқара еткен бейнеролик авторына реніші жоқ екен. Қайта оның бұл әрекеті – кәсібіме жасалған жарнама деп жайбарақат отыр бизнесмен.

Соңғы жаңалықтар