Атыраудағы Жанбай ауылының көптеген тұрғыны тонаушыдан жәбір көрген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы Жанбай ауылының көптеген тұрғыны тонаушыдан жәбір көрген

Атыраудағы Жанбай ауылының көптеген тұрғыны тонаушыдан жәбір көрген

Атырау облысында ұры-қары бүтін бір ауылды үрей құшағында ұстап отыр. Балықшылығымен аты шыққан Жанбай ауылының тұрғындары қазір үйден бір қадам аттап шығуға қорқады. Өйткені көптен бері қолға түспей жүрген ұры тонап қана қоймай, баспаналарды өртеп кетеді екен. Үстінен түскен үй иелерін өлімші етіп сабаған кездері де болған. Әбден еркінсіген ұрыдан зәрезап болған жанбайлықтар тәртіп сақшылары саусағын да қимылдатпайды деп ашуға булығып отыр.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 519
Фото - Caravan.kz

-Тыныш жатқан Жанбай халқының күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылғанына биыл үшінші жыл. Әуелгі кездері ай салып, үйді тонағанымен қоймай, оны өртеп кететін ұры кейінгі кездері араға күн салатын болған.

Кәнігі ұрыдан зардап шеккендердің бірі – Сәрсенғалиевтар отбасы. Келін әкеліп, енді тойдың қамына қызу кіріскен отбасының сан соғып қалған жайы бар. Бір үйге екі рет түсіп, ештеңе таба алмай кеткен ұры той алдында және бір келіп, өрт қойып кетіпті. Ең сорақысы – жас келінді өлімші қып сабаған.

Арайлым Дәрібаева, Жанбай ауылының тұрғыны:

-Жалаңаяқ жүрген адамды байқадым артымнан соққан. Мені желкемнен соғып, құлатып, бүкіл теуіп санымды бәрі, өлімші етіп сабады мені. Осы 2-3 күн бұрын болды Атырауда 10 күн больницаға жатып қазір келгеніме.

Мейрам Сәрсенғалиев, Жанбай ауылының тұрғыны:

— Бұған тиым қашан болады? Шағымданып жатырмыз. Қағаз жазып алып кетеді. Қарап жатырмыз, комиссия құрып жатырмыз дейді.

Қазір жанбайлықтар үйлерін қараусыз қалдырмайтын болған. Және беталды далаға шығудан қорқады. Өйткеніосындағы 500 түтіннің ұрыдан зардап шекпегені кемде-кем. Ал тәртіп сақшылары ауыл ішінен ұрыны емес, тыйым салынған бағалы балықты аулағандарды іздейтін көрінеді.


Милиция не іздейді?
Ұрлық іздемейді, сүмеңдеп балық іздейді. Ұрлықты ашу үшін емес, ашылмағаны жақсы оларға, балықты іздеп жүре береді, болды!

Бірақ полицейлер мұны жоққа шығарып, атқарып жатқан жұмыстарын жақсылап жеткізді. Айтуларынша,  ұры-қарыдан зардап шексе де жанбайлықтар арыз беруге ниетті емес көрінеді. Жыл басынан бері небары 3-ақ арыз тіркелген. Дегенмен, сезікті адам жуырда қолға түседі деп уәде етті.

Әнуар Тәжбентаев, Исатай аудандық ІІБ бастығы

— Жанбайдағы ұрлық бойынша бізге белгілі. Жұмыстанып жатырмыз. Следствие болып жатқан соң, ешкімнің фамилиясын айта алмаймыз.-Жергілікті адам ба? — Жергілікті. — Группа ма, әлде бір адам ба?- Айта алмаймын группа деп. — Қанша уақытта ашылады? — Жұмыс жасап жатырық, қосымша хабарлама береміз.

Жанбайдағы жағдайдан аудандық әкімдік те хабардар. Ондағылар жуық арада жергілікті жұртпен кездесіп, зардап шеккен отбасыларға мүмкіндігінше қол ұшын созамыз деп отыр.

Соңғы жаңалықтар