Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына жарияланды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 26 наурызынан бастап Атырау-Франкфурт бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі ашылады.
«Рейстер Аэробус-321 әуе кемесімен дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Яғни, аптасына екі рет қатынайды. Енді еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары мен қонақтары үшін Еуропаға сапарлап бару бұрынғыдан да қолайлы бола түседі», — делінген хабарламада.