Атыраудан Тбилисиге қатынайтын әуе рейсі іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 542.66
  • 631.98
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудан Тбилисиге қатынайтын әуе рейсі іске қосылады

Атыраудан Тбилисиге қатынайтын әуе рейсі іске қосылады

Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды

  • 18 Ақпан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 27 мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Air Astana.

Airbus ұшақтары аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.

«Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 50 минут. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 09:50-де жетеді. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та қонады», — дейді компаниядағылар.

Эконом-кластың билет құны 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Бұл барлық алым мен салықты қоса есептегендегі екі бағыттағы билет құны.

Нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясының жазғы кестесінде Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды.

«Қазақстанның үш қаласынан: Алматыдан – аптасына тоғыз рет, Астанадан – үш рет, сондай-ақ Атыраудан – үш рейс ұшатын болады. Қазақстан азаматтары Грузия аумағында визасыз бір жылға дейін бола алады» — дейді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Air Astana қазіргі уақытта Шымкенттен Жидда мен Мәдинаға тұрақты рейстерді, Дохаға чартерлік рейстерді орындайды. Ал Атыраудан әуе кемелері Ыстамбұл, Дубай және Амстердамға ұшады.

Перейти к новостям спорта